01 маусым 2023 | 16:51

Тоқаев Алматыдағы қоғамдық көлік жүйесімен танысты

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент "Алматы қаласының көлік холдингі" ЖШС басқаратын ONAY электронды билет сату жүйесімен және Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерді диспетчерлік басқару орталығының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент "Алматы қаласының көлік холдингі" ЖШС басқаратын ONAY электронды билет сату жүйесімен және Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерді диспетчерлік басқару орталығының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесін енгізу және бүкіл үдерісті автоматтандыру нәтижесінде жолаушы тасымалы саласында көлеңкелі ақша айналымы айтарлықтай азайып, көлік кәсіпорындарының табысы бірнеше есе артқаны жөнінде баяндалды.

2016-2022 жылдары аталған саланың жылдық қаржы айналымы 2,7 есе, яғни 10 миллиард теңгеден 26,8 миллиард теңгеге дейін өсті. Осы жылдары қоғамдық көліктердің саны мен сапасы артты. Сонымен қатар қоғамдық көліктердің уақыт тәртібін сақтауы 95 пайызға дейін жеткен.

Реклама
Реклама

Президент дамыған қоғамдық көлік жүйесі сапалы қала тіршілігінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев осы саланы одан әрі реформалаудың маңыздылығына, жолаушылар тасымалының сапасы мен жайлылығын үнемі жетілдіру қажеттілігіне назар аударды.

Компания басшылығының айтуынша, Алматы мен оның маңындағы аумақтардағы адамдардың келіп-кетуіне жүргізілген талдау нәтижесінде тиімді көлік жүйесі қалыптасады. Оның деректері бағдарлық желіні оңтайландыру кезінде ескеріледі.

"Алматы қаласының көлік холдингі" ЖШС қоғамдық көлікті басқару саласындағы тәжірибесін басқа бағыттарда да белсенді қолданады. Атап айтқанда, компания 15 санат бойынша жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар азаматтардың әлеуметтік санаттарын, соның ішінде олардың жүріп-тұру бағыттарын толық цифрландырды. Қазіргі уақытта осы деректер негізінде атаулы әлеуметтік көмектің мақсатты түрде жұмсалуын қамтамасыз ету үшін жобалар әзірленіп жатыр. Бұдан бөлек, компанияның диспетчерлік басқару орталығы инватакси машиналары мен коммуналдық арнаулы техникалардың қозғалысына мониторинг жүргізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная