25 қыркүйек 2020 10:54

Тоқаев Алматыға келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Сапар барысында Қазақстан Президенті қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі. Сонымен қатар білім беру орталығын, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған", - деді Берік Уәли.

Реклама
Реклама

Бұдан бөлек Тоқаевтың Алматыда қоғам қайраткерлерімен және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізетіні айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram