Тоқаев Алматыны дамытудың басымдықтарын атады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамытудың басымдықтарын айқындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамытудың басымдықтарын айқындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бірінші. Қаланың тұрақты дамуын әртараптандыру.

Екінші. Қаланың барлық аудандарын бірдей дамыту және тұрғын үй құрылысын жандандыру.

Үшінші. Жол-көлік жүйесін дамыту.

Төртінші. Экология мәселелерін шешу.

Бесінші. Алматының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту.

Алтыншы. Қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қалалық басқару жүйесін цифрландыру", - деді Президент Алматы жұртшылығымен кездесуінде.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қарашада Алматыға жұмыс сапарымен келген болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама