ПОДЕЛИТЬСЯ
08 ақпан 2022 | 14:13
Тоқаев "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырды
Президент екі бірдей әкімге (Алматы және Алматы облысы) Үкіметпен бірлесіп "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент екі бірдей әкімге (Алматы және Алматы облысы) Үкіметпен бірлесіп "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тағы бір мәселені айтқым келеді. Тиімсіз сауда делдалдығын тоқтататын кез келді. Мысалы, Алматыда тұратын 3 миллион адам көп жағдайда "Алтын Орда" базарынан тауар сатып алады. Алматы мен Алматы облысының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, осы базарда тәртіп орнатуды тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.
"Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз "нан табатын орынға" айналды, оны Алматыдағы қаңтардағы оқиғалар кезінде анық көрдік. Бұл басқа аймақтарға да қатысты. Қажет болса, бұл жұмысқа құқық қорғау органдары тартылуы тиіс", - деді Президент.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также