ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 21 сәуір 2022 13:29
Тоқаев Amanat партиясының съезін шақырды
Amanat партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның жауапты хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, съезд 26 сәуірге шақырылған. Оған барлық өңірден делегаттар қатысады.
"Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады. Съезд барысында Adal саяси партиясының Amanat партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланған", - деп жазды Асхат Оралов Facebook-парақшасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу