Тоқаев Amazon, Google, Mastercard компанияларымен уағдаластық туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2023 форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы АҚШ-тағы ірі компаниялардың басшылығымен қолжеткізген келісімдерге тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2023 форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы АҚШ-тағы ірі компаниялардың басшылығымен қолжеткізген келісімдерге тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, цифрлық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамыту маңызды.

"Озық IT-инфрақұрылым цифрлық индустриядағы келешек прогреске, атап айтқанда жасанды интеллектінің дамуына негіз қалайды. Сондықтан инфрақұрылымды дамытқан кезде IT-өнім әзірлеушілердің қажеттілігі әрдайым алдын ала ескерілуге тиіс.

Ең алдымен, біз есептеуіш орталықтардың қуатын арттыруымыз қажет. Үкіметке екі жыл ішінде жасанды интеллектіге маманданған дата-орталықтардың құрылысын жүргізуді тапсырамын.

Бұл іске Amazon, Google, Mastercard және Citigroup сияқты әлемге танымал компанияларды тартуға болады. Жақында Нью-Йорк қаласына жасаған сапарымда аталған компаниялардың басшыларымен кездестім. Тиісті уағдаластықтарға қол жеткіздік.

Сонымен қатар, жасанды интеллектіге арналған деректер экожүйесін дамыту маңызды. Шын мәнінде, жасанды интеллектінің "қорегі", қозғаушы күші – үлкен деректер қоры. Қазақстанда осы салада түрлі шешімдер жүзеге асырылды", - деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама