ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қазан 2021 | 18:49
Тоқаев АӨСШК Хатшылығының атқарушы директорын қабылдады
Президент Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының атқарушы директорымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының атқарушы директорымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске Қазақстан төрағалық еткен бірінші жылдағы қорытынды баяндалды. Сонымен қатар, Хатшылық қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде форумның институционалдық дамуына қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.
АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай Президентке Даналар кеңесін және АӨСШК-тің талдау орталықтарының форумын тұрақты жұмыс істейтін консультативтік алаң ретінде қайта құруға қатысты бастамаларының іске асырылуы туралы айтты.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа АӨСШК аясында Азия аумағындағы сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған 50-ге жуық іс-шара өткізілгені хабарланды.
Сонымен қатар, Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына кеңестің сыртқы саяси ведомство басшыларының жуырда болған кездесуінің негізгі қорытындылары мен 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК-тің VI саммитіне дайындық туралы баяндады.
Қазақстан Президенті жоғары деңгейде өтетін алдағы жиынға тиянақты дайындалудың, соның ішінде маңызды мәселелер мен ұйымдастыру жұмыстарын пысықтаудың маңызды екеніне баса мән берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также