Тоқаев АӨСШК хатшылығының атқарушы директорын қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда сайтынан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК хатшылығының атқарушы директорын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК хатшылығының атқарушы директорын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының қазіргі қызметімен және Қазақстанның осы ұйымға 2020-2022 жылдардағы төрағалығының қорытындысымен танысты. Әңгімелесу барысында 12-13 қазанда елордада өтетін АӨСШК-тің VI саммитіне дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды.

АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына алдағы саммиттің қорытынды құжаттарының жобаларын келісу үдерісі туралы баяндады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар Президентке АӨСШК-ті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жоспары жөнінде мәлімет берілді. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыру – Қазақстанның стратегиялық мақсаты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы алдағы саммитті жоғары деңгейде  ұйымдастыру және АӨСШК-тегі мақсаттар мен міндеттерді тиімді іске асыру аса маңызды екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама