Тоқаев Aral Culture Summit көрмесін аралап көрді

Фото: Ақорда

"Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитіне қатысушылар Aral Culture Summit көрмесін тамашалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитіне қатысушылар Aral Culture Summit көрмесін тамашалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен Климат конференциясынан кейін Aral Culture Summit көрмесін аралап көрді.

Реклама
Реклама

Аталған алаңда Арал экожүйесін қалпына келтіруге, аймақтың мәдени мұрасын сақтауға және орнықты дамуына ықпал етуге бағытталған бастамалар көрініс тапқан.

Визуальді, сенсорлы және интерактивті тәсілдер арқылы ұсынылған экспозиция Арал маңындағы бай табиғат пен мәдениет жайында сыр шертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная