30 мамыр 2019 | 08:55

Тоқаев Армения премьер-министрімен кездесті

© akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты экономикалық серіктестікті тереңдету мәселелері талқыланды.

Реклама
Реклама

"Біздің елдерімізде ортақ дүниелер көп. Қазақ-армян компаниялары әртүрлі салаларда тығыз ынтымақтастық орнатқан. Екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын нығайта түсетін осы байланыстарға тың серпін беруіміз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Никол Пашинян түрлі саладағы Қазақстан мен Арменияның өзара ықпалдастығы одан әрі кеңейе беретініне сенім білдірді.

"Елдеріміз арасындағы экономикалық байланыстар нығаюда, тауар айналымы артып келеді. Бірақ, бұл бағытты дамыту үшін әлі де өз деңгейінде пайдаланылмай жатқан зор әлеуетіміз бар. Біздің құрылымдарға, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында тығыз іс-қимылдар жасау қажет", - деді Армения премьер-министрі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная