19 қаңтар 2024 | 11:37

Тоқаев Арнайы операциялық күштер қолбасшысын неге қызметінен босатты? Министр жауабы

Болат Журабаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арнайы операциялық күштер қолбасшысы Болат Жұрабаевты неге қызметінен босатты? Бұл сұраққа Парламент кулуарында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арнайы операциялық күштер қолбасшысы Болат Жұрабаевты неге қызметінен босатты? Бұл сұраққа Парламент кулуарында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрінің айтуынша, Жұрабаев денсаулығына байланысты қызметінен босатылған.

"Бұл табиғи өмірлік процесс. Сенесіз бе, офицерлер, 40-қа дейін және 40 жылдан көп қызмет еткендерде кәсіптік аурулар өте көп. Соған сәйкес, Арнайы операциялық күштердің қолбасшысы денсаулығына байланысты отставкаға кетті", - деді Жақсылықов.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2023 жылғы 29 желтоқсанда Мемлекет басшысы Болат Жұрабаевты Арнайы операциялық күштердің қолбасшысы қызметінен босатқан болатын. Ол 2022 жылдың ақпанында қаңтар оқиғасынан кейін тағайындалды. Жаңа қолбасшы Айдос Мырзахметов болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная