06 қыркүйек 2022 | 17:55

Тоқаев "АрселорМиттал" компаниясының атқарушы төрағасын қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/bort_01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал" компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал" компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Қазақстандағы қызметінің өзекті мәселелері мен алдағы уақытқа арналған жоспары талқыланды.

Сондай-ақ өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарға әділ еңбекақы төлеу, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және материалдық-техникалық базаны жаңғырту мәселелері әңгіменің арқауына айналды.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы компанияның аталған талаптар мен міндеттемелерді орындауы аса маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар Президент ішкі нарықтың қажеттілігін "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының өнімдерімен өтеу мәселесіне мән берді.

Бұдан бөлек, компанияның парниктік газ шығарындыларын азайту шараларына да назар аударылды.  

Лакшми Миттал Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуық арада "АрселорМиттал" компаниясы Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құятынын, оның басым бөлігі өндірісті жаңғыртуға бағытталатынын жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная