14 қыркүйек 2022 | 14:20

Тоқаев ашкенази және сефард раввинаты басшыларына алғыс айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас ашкенази раввині Давид Лау мен Бас сефард раввині Ицхак Иосифті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас ашкенази раввині Давид Лау мен Бас сефард раввині Ицхак Иосифті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысқаны, сондай-ақ Қазақстанның бұл бастамасын белсенді қолдағаны үшін ашкенази және сефард раввинаттарының беделді басшыларына алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев біздің елімізді ұзақ тарихи кезеңде қалыптасқан діни және мәдени әралуандылық ерекшелендіргенін атап өтті.

Қазақстан аумағында ірі әлемдік және дәстүрлі діндердің, соның ішінде иудаизмнің рухани дәстүрлері тоғысқан. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту бағытында дәйекті саясат жүргізіп келеді.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы Израиль Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесі екенін атап өтті, сондай-ақ сауда-экономикалық іс-әрекеттер жанданып, мәдени-рухани байланыстар дәйекті түрде нығайып келе жатқанын айтты.

Давид Лау мен Ицхак Иосиф Қазақстанның конфессияаралық диалогты нығайтуға бейілді екеніне, әрдайым діни сенім бостандығын қолдайтынына назар аударып, бұл салада өзге мемлекеттерге үлгі болатынын жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная