Тоқаев Астанада Тurkic ai орталығын ашу туралы бастама көтерді

Тоқаев Астанада Тurkic ai орталығын ашу туралы бастама көтерді Фото:depositphotos.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммитінде сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Астанада Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің IT хабтарының бірлескен орталығын ашуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммитінде сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Астанада Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің IT хабтарының бірлескен орталығын ашуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

"Төртінші мәселе. Қазір әрбір елде IT-жобаларға арналған технопарктер бар. Мен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің IT хабтарының бірлескен орталығын ашуды ұсынамын.

Орталыққа "Turkic ai" атауын беріп, оны Alem.ai орталығында орналастыруға болады. Бірлескен хаб ортақ мүдделерімізді ілгерілетуге ықпал етері сөзсіз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ТМҰ деген не және саммит неге Түркістанда өтіп жатыр?

Жарнама
Жарнама

Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) бес елді біріктіреді: Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан. Түрікменстан мен Венгрия - бақылаушы елдер. Ұйым түркі халықтары арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайту үшін құрылған.

Түркістанға түркі әлемінің рухани астанасы деген ресми мәртебе 2021 жылғы наурызда берілген. Содан бері қала ірі халықаралық кездесулер өтетін тұрақты алаңға айналды.

Тоқаев Түркістанды түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы деп атады

Саммитте не талқыланып жатыр?

Биылғы кездесудің тақырыбы - "Жасанды интеллект және цифрлық даму". Көшбасшылар ЖИ, IT-инфрақұрылым және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы бірлескен жобаларды талқылап жатыр. Былтыр ТМҰ елдері арасындағы тауар айналымы 13 миллиард долларға жуықтады.

Бұл неге маңызды?

2026 жыл ұйым үшін символикалық дата саналады: 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы съезге 100 жыл толып отыр. Сонымен қатар ТМҰ-ға жаңа серіктестер де қызығушылық танытып жатыр - "ТМҰ+" форматына АҚШ, Жапония, Қытай, Ұлыбритания, Израиль және Украина назар аударып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама