Тоқаев Астанадағы ЕХРО орталығында президенттерді қарсы алды

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Тоқаев Астанадағы ЕХРО орталығында президенттерді қарсы алды Ақорда

Бүгін Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр. Саммитке қатысушы делегация басшылары ЕХРО көрме орталығына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бүгін Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр. Саммитке қатысушы делегация басшылары ЕХРО көрме орталығына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен бірге ұйымдастырылған диалог алаңының мақсаты – экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, қалпына келтіру әрі бірлесе пайдалану бойынша кешенді саясат пен тетіктерді қалыптастыру, Орталық Азия өңірінің биоалуантүрлілігін сақтау.

Жарнама
Жарнама

Саммиттің пленарлық отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Әзербайжан Премьер-министрі Али Асадов, БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының директоры Ингер Андерсон, сондай-ақ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама