Тоқаев Астанадағы жолдардың сапасын сынға алды

Тоқаев Астанадағы жолдардың сапасын сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы жолдардың сапасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қала жолдарының жай-күйі де мәз емес. Мысалы, кейбір көшелер жыл сайын жөнделеді. Бірақ көктем шыққанда жолдың сапасы сын көтермейді", - деді.

Президенттің айтуынша, кейбір жолдар толығымен қараусыз қалған.

Жарнама
Жарнама

"Бұл - жол салу және жөндеу жұмыстары дұрыс жүргізілмейді деген сөз. Бұл мәселені Үкімет мен әкімдік арнайы қарауы керек. Қажет болса, мердігерлерді ауыстыруға тиіс", - деп қосты Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама