26 қаңтар 2023 | 10:25

Тоқаев Ата Заңға маңызды өзгерістер енгізілгенін айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға маңызды өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға маңызды өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің сөзінше, Сенат құрамын жаңарту жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жаңа депутаттарға сенім білдірді.

"Өздеріңізге мәлім, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Былтыр конституциялық реформаны қолға алдық. Ата Заңға аса маңызды өзгерістер енгіздік. Қарашада Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Сонымен қатар, менің жарлығыммен бірнеше сенатор тағайындалды. Осымен Сенат құрамын жаңғырту үдерісі аяқталды.

Депутаттардың жартысына жуығы жаңарды. Мұнда әр аймақтың, соның ішінде жаңадан құрылған облыстардың өкілдері бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне арнайы квота берілді. Осылайша, Сенатта түрлі санаттағы қоғам өкілдері барынша қамтылды. Жалпы, бұл Палата мемлекеттік басқару саласында айрықша рөл атқарады. Оған Конституцияға сәйкес маңызды міндеттер жүктелген. Заң шығару қызметін сапалы атқару үшін барлық жағдай жасалған.

Палата өз жұмысын абыроймен атқарып келе жатыр. Сенаторлар ауқымды реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысты. Осы орайда, баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жаңа депутаттар Сенаттың қызметіне тың серпін береді деп сенемін", - деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная