27 сәуір 2022 | 12:33

Тоқаев "Атамекен" ҰҚП-ны реформалау жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Мемлекет басшысы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасын одан әрі дамыту стратегиясымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасын одан әрі дамыту стратегиясымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰКП-ны трансформациялау жолдары туралы айтылды.

Райымбек Баталов биылғы ақпанда өткен Кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс съезінде микро және шағын бизнесті қолдауға мән беріп, мекеменің қызметін трансформациялау туралы шешім қабылданғаны туралы айтты. Сондай-ақ, "Атамекен" басшысы Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысына салалық сараптаманың сапасы мен жауапкершілігін арттыру үшін бизнесті жұмылдыру жөніндегі ҰКП-ның жоспары таныстырылды. Палата мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттары мен бұйрықтарына қатысты жобаларды бизнеспен бірге талқылап, апробациядан өткізуге ниетті. Бұл мемлекет пен бизнестің өзара конструктивті ықпалдастығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында бизнеске жасалатын заңнамалық деңгейдегі қысымды азайтуға, сот пен прокуратура органдарының бизнесті қорғау жөніндегі тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның бизнес пен билік арасындағы ықпалдастықтың алтын көпірі болуға тиіс екенін ерекше атап өтіп, "Атамекеннің" қызметін жүйелі түрде өзгерту қажеттігін қолдады.

Сонымен қатар, Президент бизнес-ортаны бюрократиядан арылту жөнінде қабылданып жатқан шараларды және жүктелген міндеттерді жылдам әрі тиімді шешу үшін трансформация кезінде президиум төрағасы мен палата басқармасының позицияларын қосу қажет екенін мақұлдады.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамытуға және бизнес-қоғамдастықтың құқығын қорғауға ықпал ететін институт ретінде ҰКП-ны реформалау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная