ПОДЕЛИТЬСЯ
30 маусым 2021 | 17:37
Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторийді ұзартты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторийді ұзартатын түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторийді ұзартатын түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Жер кодексінің қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке беру жөніндегі нормаларды қолдану 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылатын болды, жерді тек Қазақстан азаматтары мен шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғалар жалға ала алады, ал ауыл шаруашылығы жерлерін қосалқы жалға беруге тыйым салынды.
Сонымен қатар, заңда конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің шекті мөлшері жазылған. Конкурсқа тым үлкен учаскелерді қатыстыруға тыйым салынады. Ауылда кемінде бес жыл тұрған адамдар ауыл шаруашылығы жерлерін беру жөніндегі конкурстарда артықшылыққа ие болады, оларға қосымша балдар есептеледі, бұл жеңіске көмектесуі мүмкін.
Заңның тағы бір нормасы жайылым тапшы ауыл тұрғындарының проблемасын шешуге бағытталған. Сенаторлар бекіткен құжатта жануарларды жаюға қажетті жайылымдарды жекеменшікке беру және ол жерлерді пайдалануға тыйым салу қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также