Тоқаев Әзербайжан президентін мерейтойымен құттықтады

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы президент Ильхам Әлиевті 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас әзірбайжан халқына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің қазақ-әзірбайжан көпжақты ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан ары дамытудың маңызды екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ильхам Әлиевтің абыройлы басшылығымен Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық даму ісінде және халықаралық аренада толағай табысқа жеткенін айтты. Президенттер келесі жылы жоғары деңгейде кездесу өткізуге уағдаласты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама