Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен боксшыларды құттықтады

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен боксшыларды құттықтады Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Мемлекет басшысы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын Ұлан-Батырда өткен Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын Ұлан-Батырда өткен Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорда ақпаратынша, Президент спортшыларымыз жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті.

Құттықтауда Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова секілді спортшылардың жеңіс тұғырына көтеріліп, ортақ жетістікке зор үлес қосқанына назар аударылды.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің әлемдік жарыстарда көк байрағымызды биікте желбірете берулеріне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Қазақстан Азия чемпионатында медаль саны бойынша бірінші орынға жайғасты.

  1. Қазақстан – 6 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль;
  2. Үндістан – 5 алтын, 3 күміс, 8 қола медаль;
  3. Өзбекстан – 3 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль.

Азия чемпионатында медаль иеленген қазақстандық боксшылар

  • алтын – Надежда Рябец, Дина Исламбекова, Сабыржан Аққалықов, Оразбек Асылқұлов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай;
  • күміс – Бақыт Сейдіш, Төрехан Сабырхан;
  • қола – Әйгерім Саттыбаева, Валентина Хальзова, Ертуған Зейнуллинов, Махмұд Сабырхан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама