05 қазан 2020 18:53

Тоқаев БАӘ-мен сотталған адамдарды беру шарттарын ратификациялау туралы заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерімен сотталған адамдарды беру шарттарын ратификациялау туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Сотталған адамдарды беру туралы келісім екі мемлекет арасында сотталған адамдарды жазаларын одан әрі өтеу үшін бір-біріне беру мүмкіндігіне қатысты мәселелерді реттейді.

Бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде алты қазақстандық жазасын өтеп жатқаны хабарланған. 

Қазақстан 21 елмен мұндай халықаралық келісімге келген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram