21 қазан 2021 | 12:20

Тоқаев: Балалар уақыты бос болғаннан қажетсіз дүниелерге назар аударады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жастарды зиянды ақпараттан қорғауға мемлекет қана емес, қоғам да күресуі керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жастарды зиянды ақпараттан қорғауға мемлекет қана емес, қоғам да күресуі керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Интернеттегі заңсыз контенттер барлық елдер үшін өте өзекті болып отыр. Жағымсыз, жалған ақпараттар  жастарымызды жаман жолға жетелейді. Бұл үрдіске қарсы тұру процесіне тек мемлекет қана қатыспауы тиіс. Мемлекет, менің ойымша, бұл мәселені шешуде басты рөл атқарады, бірақ бұған бүкіл қоғам қатысуы керек, өйткені бұл біздің еліміздің болашағы туралы", - деді Тоқаев ҚХА отырысында.

Оның айтуынша, бұған бұқаралық спортты дамыту көмектеседі.

Реклама
Реклама

"Бос уақыты көп балалардың қажетсіз нәрселерге көңіл бөлетінін байқаймыз. Ата-аналар әрқашан балалардың мектептен тыс мінез-құлқын қадағалай алмайды. Мұғалімдердің де мұндай мүмкіндігі жоқ. Осылай балалардан айырыламыз. Сондықтан жаппай балалар спортын дамытайық. Облыс басшыларының, әкімдердің, соның ішінде тиісті өңірлерде бұқаралық балалар спортын дамыту жөніндегі жұмысын бағалайтын боламыз", - деп уәде берді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная