ПОДЕЛИТЬСЯ
31 желтоқсан 2020 | 17:08
Тоқаев барған астаналық мектепте қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барған мектепте жұмыс қалай жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барған мектепте жұмыс қалай жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"55 жыл бұрын салынған екі мектепке бардым. Олардың бірі – №23 орта мектеп (Өндіріс тұрғын алабы). Оқу орнының жобалық қуаты – 350 орын. Бұл мектепке Мемлекет басшысы барып, жаңа мектеп салуды тапсырған болатын", - деп жазды әкім Instagram желісіндегі парақшасында.
Қазіргі оқу орны аумағында жаңа бесқабатты мектеп салынып жатыр. Ол тағы 1200 оқушыны екі ауысымда қабылдай алады.
"Яғни, жаңа мектеп қазіргіден екі есе үлкен болады", - деді Көлгінов.
Бұған қоса әкім №25 орта мектеп директоры және мұғалімдерімен кездескен. Ол тағы бір мектеп салу мәселесін қарастыруды тапсырды.
Биыл қалада 12 мектеп салынған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп.
"Көктемнен бастап 2021 жылға дайындалдық. Енді шағын мектептерден үлкен мектептер құрылысына көшеміз. Келесі жылы 20 мың орындық (екі ауысыммен - 40 мың орын) мектептер салуды жоспарлап отырмыз. Бұл - оқушылар орны 2020 жылдан екі есе, ал 2019 жылдан 4 есе көп болады деген сөз", - деді Көлгінов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также