17 шілде 2019 18:07

Тоқаев Бас прокурорға Арыстағы төтенше жағдайға байланысты тапсырма берді

© akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа қадағалаушы органның биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыстарының нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысына Бас прокуратураның құқық қорғау органдарының қылмыспен күреске және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған үйлестіру функциясын күшейту жұмыстарының орындалуы жөнінде баяндалды. Сондай-ақ, Ғизат Нұрдәулетов азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар туралы есеп берді.

Қазақстан Президенті Бас прокурорға Арыс қаласындағы жарылыстарға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етуді және кінәлі тұлғалардың бәрін жауапқа тартуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев күш-жігерді азаматтардың құқығын қорғауға, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күреске жұмылдыру қажеттігін айтты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram