12 қыркүйек 2022 | 17:20

Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасын қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік жүргізіп жатқан монополияға қарсы тергеу жұмыстары туралы есепті тыңдады. Жыл басынан бері бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу белгілері бар 293 хабарлама берілген, оның 78 пайызы өз еркімен орындалды.

Марат Омаровтың мәліметінше, Агенттік жұмысындағы стратегиялық бағыттар – бәсекелестікті дамыту және қорғау бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз ету, өндірістің негізгі факторларының кәсіпкерлік субъектілеріне теңдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету, жеке бастаманы қолдау және бәсекелестік алаңын фаворитизмнен тазарту.  

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысына Жолдауда айтылған, соның ішінде бірыңғай операторларды қысқарту және конгломераттардың қызметін реттеу бөлігінде берілген тапсырмаларын жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндалды. Агенттік мемлекеттік қолдау шараларының теңдей қолжетімді болуын қамтамасыз етуге, экономикадағы жеке кәсіпкерліктің үлесін арттыруға, экономиканың негізгі салаларында бәсекелестікті дамыту жұмысына ерекше көңіл бөледі.

Кездесу соңында Президент Агенттік басшысына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная