09 наурыз 2023 | 15:12

Тоқаев Батыс Қазақстан машина жасау зауытына барды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қасым-Жомарт Тоқаев "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" акционерлік қоғамына барып, зауыттың жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" акционерлік қоғамына барып, зауыттың жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зауыт басшысы кәсіпорынның мұнай мен газ, күрделі металл конструкцияларын өндіруге, өңдеуге, тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарумен айналысатынын баяндады.

Компания - General Electric компаниясының газ турбинасы бойынша стратегиялық серіктесі.

Реклама
Реклама

Зауыт аумағында "Baker Hughes General Electric Company" сертификаттаған және BHGE мамандарының ұсыныстарына сәйкес заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

Сондай-ақ зауыт ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін Fregat себелеп суаратын машиналар өндірісін дамыту жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Кәсіпорын жұмысымен танысқан Мемлекет басшысы жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Оның пікірінше, өндіріс орны мұнай-газ және энергетика салаларына арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарады, сондықтан бұл салаларда отандық машина жасау өнімдерінің үлесін арттыру маңызды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная