25 мамыр 2022 16:51

Тоқаев Байденге көңіл айтты

Джо Байден. Фото: euroua.com

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының президенті Джозеф Байденге Техас штатының Увальде қаласындағы Робб бастауыш мектебінде болған атыс салдарынан мектеп оқушылары мен басқа да азаматтардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Мен техастықтардың және Сіздің барлық отандасыңыздың қайғысына ортақтасамын", - делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram