13 мамыр 2021 | 14:52

Тоқаев бес ел президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Әзірбайжан басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Әзірбайжан басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттері бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы бауырлас халықтарға жақсылық, бақ-береке тіледі.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен сөйлесу кезінде қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Садыр Жапаровтың биылғы 2-3 наурызда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуына ерекше назар аударылды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, тараптар Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіндегі тығыз ықпалдастықты жалғастыра беруге уағдаласты. Қырғыз көшбасшысы гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

Президент Эмомали Рахмонмен келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта Тәжікстанға жасайтын ресми сапарының жай-жапсары қарастырылды.

Президенттердің айтуынша, Душанбеде өтетін келіссөздер қазақ-тәжік ынтымақтастығының көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді және өңірлік ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жаңа қадамдарды белгілейді.

Мемлекетаралық байланыстардың перспективалары да Қазақстан мен Түрікменстан президенттері сұхбатының негізгі тақырыбы болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов қазақ-түрікмен көпжоспарлы серіктестігін жаңа әрі сапалы деңгейге жеткізуге бейілді екенін нақтылады. Мемлекет басшыларының айтуынша, бұған Қазақстан Президентінің алдағы уақытта Ашхабадқа жасайтын сапары айтарлықтай септігін тигізеді.

Мемлекет басшысының Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен әңгімелесуі кезінде достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-өзбек қатынастарының жоғары деңгейде екені айтылды.

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың даму қарқынын сақтау мақсатындағы екі ел үкіметтерінің ықпалдастығы туралы айтты. Қазақстан мен Өзбекстанның көшбасшылары Орталық Азия өңіріндегі ахуал мен Ауғанстан проблемасы бойынша пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті биыл Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен әңгімелесу кезінде қазақ-әзербайжан ынтымақтастығының барлық бағытына тың серпін беру үшін әлеуетті барынша пайдаланудың маңыздылығы айтылды.

Өзара сауда-саттықты ұлғайтуға, экономиканың негізгі салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған шаралар қабылдау туралы уағдаласты. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесіндегі Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсеткені үшін әзербайжандық әріптесіне ризашылығын білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная