ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қыркүйек 2019 | 11:23
Тоқаев бейбіт митинг өткізуге рұқсат беруді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанда бейбіт митинг өткізуге рұқсат беруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанда бейбіт митинг өткізуге рұқсат беруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Президент Парламенттің біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясы барысында айтты.
"Егер бейбіт шерулер заң бұзу мен халықтың мазасын алу мақсатында болмаса, шет жақтан емес, арнайы орын ұсынып, митинг өткізуге рұқсат беру керек. Конституцияға сай емес әрекеттер, бұзақылық акциялар заң аясында тоқтатылады", - деді Президент жолдауында.
Еске салайық, 10 тамызда Тоқаевтың алғаш рет Қазақстан халқына Жолдау жариялайтыны хабарланған болатын. "2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі", - деп жазған еді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.
Показать комментарии
Читайте также