13 қазан 2021 | 18:48

Тоқаев: "Бидай өнімділігі 40 пайызға төмендеуі мүмкін"

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев климат өзгеруіне байланысты Қазақстанда бидай шығымы төмендеуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев климат өзгеруіне байланысты Қазақстанда бидай шығымы төмендеуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев Орталық Азиядағы жылыну мәселесі алаңдаушылық туғызатынын және шұғыл шаралар қажет екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл әсіресе су мен азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, қамтамасыз етуде аса маңызды.

"Қазақстан ірі бидай өндірушілердің ондығына кіреді және жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды. Егер 2030 жылға қарай жағымсыз сценарий жүзеге асса, бидай шығымы шамамен 40 пайызға төмендеуі мүмкін", - деді Тоқаев халықаралық конференцияда.

Реклама
Реклама

Президент БҰҰ даму бағдарламасы мәліметтерін келтірді, онда 2030 жылғы климат жағдайында бидайдың орташа шығымдылығы жеті облыста - Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстанда қазіргі деңгейінен 63-87 пайыз болатыны көрсетілген.

"Қазақстан жалғыз экспорттаушы ел екенін ескерсек, бұл бүкіл аймақтың азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Бұл - қарапайым мысал, климаттың өзгеруімен күресу ортақ әрі өте маңызды ісіміз", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, мемлекеттердің әрекеті климат өзгеруіне және оны тұрақтандыруға әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

"Қазақстан Париж келісімінің жаһандық температуралық мақсатына қол жеткізуде ортақ жауапкершілік бар екенін түсінеді. Энергия, жұмыспен қамту және фискалдық табыс көзі болатын табиғи қазбаларға тәуелділікке қарамастан, еліміз осы ғасырдың ортасында көміртек бейтараптығына қол жеткізген алғашқылардың қатарында екенін жариялады", - деп атап өтті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда "көгалдандыру" бағдарламасын "көзбояушылықсыз" жүзеге асыру керек екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная