Тоқаев Binance компаниясының бас директорын қабылдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Binance компаниясының бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Binance компаниясының бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы әлемдегі ірі Binance криптобиржасының негізін қалаушы әрі бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдады.

Кездесу барысында еліміздің салалық құрылымдары мен Binance компаниясының арасында цифрлық қаржы саласындағы, блокчейн технологиясы бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді перспективалары, сондай-ақ, Қазақстанда криптоиндустрияның өңірлік хабын құру мәселесі талқыланды.

Реклама
Реклама

Кездесу соңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Binance компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама