Тоқаев Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаоны қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент

Мемлекет басшысы Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаоны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаоны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Digital Bridge 2025 халықаралық форумы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен кездесті.

Президент әлемдік криптовалюта индустриясы мен қаржы технологиясының экожүйесін қалыптастыруға Чанпэн Чжаоның қосқан үлесін жоғары бағалады.

Реклама
Реклама

Оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша Binance Lab базасында криптоиндустрияның өңірлік хабын ашу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Сол сәттен бері елімізде блокчейн және криптотехнология салаларында көптеген перспективті жобалар мен бастамалар іске асырылып келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама