21 қаңтар 2022 13:23

Тоқаев бизнесмендерге: Реформаның мақсаты тартып алу не қайта бөлу емес

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа реформаның мақсаты тартып алу немесе қайта бөлу емес екенін мәлімдеді. Ол басты міндет ұлттық буржуазияны елдің әлеуметтік-экономикалық моделінің ең белсенді түріне айналдыру екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сіздің әлеуметтік жауапкершілігіңіз міндетті шара немесе Құдайдың рақымы емес, жүйелі саясат болуы керек деп санаймыз. Сөз болып отырған реформаның мақсаты тартып алу немесе қайта бөлу емес екенін тағы да айтқым келеді. Бұл ақымақтық, жауапсыздық болар еді. Міндет - ұлттық буржуазияны елдің әлеуметтік-экономикалық моделінің ең белсенді трансформациясына тарту", - деді Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде.

Президенттің айтуынша, инвестициялар мен өндірістерге, сапалы жұмыс орындарын құруға, экспорттық әлеуеттің өсуіне жауап ретінде мемлекет жеке меншікті қорғау кепілдігін арттыруға, мемлекеттік реттеудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бәсекелестікті әкімшілік ресурстың, сыбайлас жемқорлықтан қорғауға дайын.

Реклама
Реклама

"Үкімет пен бизнес нақты шаралар мен тетіктерді бірге әзірлеуі тиіс. Тағы да қайталаймын, бірге. Бизнес те, билік те ел болашағы үшін, жаңа Қазақстан үшін ортақ жауапкершілік арқалайды", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram