01 қыркүйек 2022 | 11:54

Тоқаев білім беру саласындағы өзгерістер туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласына қатысты қандай өзгерістер болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласына қатысты қандай өзгерістер болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орта білімнің сапасы - табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Сол үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек", - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, бұған дейін оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов биылғы оқу жылының ерекшелеріктерін айтып берген болатын. Биыл 400 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады. Сондай-ақ, 170 мың түлек мектеп бітіреді. Ал 2023 жылғы қаңтардан бастап педагогтердің, балабақша тәрбиешілерінің және басқа да білім саласы қызметкерлерінің жалақысы тағы да 25 пайызға өседі.

Реклама
Реклама

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бүгіннен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15 пайызға өсетінін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная