21 қаңтар 2022 13:43

Тоқаев "Болашақ" бағдарламасының бағыты өзгеретінін мәлімдеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" білім беру бағдарламасының бағыты өзгертетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" білім беру бағдарламасының бағыты өзгертетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы елімізде білім беру жүйесін қайта қарастыру қажет екенін айтты.

"Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді көп дайындаймыз. Қазір техникалық бағыттарға ден қоюымыз керек. Болашақ бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, оның ішінде Ресейге, мүмкін ең алдымен Ресейге, белгілі техникалық жоғары оқу орындарына жібереміз", - деді Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде.

Реклама
Реклама

Президент техникалық мамандықтар бойынша әлемнің жетекші университеттерінің филиалдарын ашу туралы мәселе қойғанын еске салды.

"Қазақтар, жас қазақтар техникалық мамандықты игеруі керек, бұған кәміл сенем", - деді ол.

Мемлекет басшысы елдегі оң өзгерістер көбіне бизнеске байланысты екенін айтты.

"Өндіріске, сапалы жұмыс орындарын құруға, ғылым мен білімге қаржы салу міндетті түрде ақталады. Осы бағытта жұмыс істеу керек. Мысалы, білікті кадрлардың, әсіресе техникалық мамандықтар бойынша мамандардың жоқтығына шағымданудың орнына, неге ірі бизнес колледждерді қамқорлыққа алып, олардың қамқоршылық кеңестеріне кіріп, жастарды практикаға алып, олардың зертханалары мен шеберханаларын жарақтандырмасқа? Жекелеген корпорациялар осы бағытта жұмыс істеп жатқанын білемін, бірақ бұл іспен бәрі айналысу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram