ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 наурыз 2025 12:44
Тоқаев Болгария президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Болгария Президентін Азат ету күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының Президенті Румен Радевке осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан Президенті құттықтауында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу