Тоқаев бірқатар қазақстандық әскери қызметшіні марапаттады

Дина Шарипханова Корреспондент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар әскери қызметшіні марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

III дәрежелі "Айбын" орденімен:

  1. Бабақұлов Қуаныш Исабекұлы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің аға нұсқаушысы.
Реклама
Реклама

"Ерлігі үшін" медалімен:

  1. Лисбаев Байсейіт Жәнібекұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің взвод командирі;
  2. Рахматалиев Данияр Тілекбайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:

  1. Алдабергенов Мейір Салқынбекұлы, Қорғаныс министрлігінің 19033 әскери бөлімі минасыздандыру бөлімшесінің командирі;
  2. Рамазан Дәурен Қайратұлы, Мемлекеттік күзет қызметінің жедел уәкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама