ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 мамыр 2025 16:15
Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен және БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.
Шет мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу