19 сәуір 2021 | 13:59

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент қол қойды:

  • "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
  • "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
  • "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына.
Реклама
Реклама

Сенаттың мәліметіне сүйенсек, "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы" заң мемлекетаралық стандарттауды жетілдіруге, сондай-ақ ТМД Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес қабылдайтын құжаттарды тарату және пайдалану қағидаттары бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы" заң сотталғандар өз мемлекетінде бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаны өтеуге жағдай жасауға мүмкіндік береді. Егер адам ТМД елдері аумағында сотталған болса және жаза бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, онда ол жазасын өтеу үшін еліне орала алады.

"Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы" заң бойынша бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымға қосымша сынамалар орнатудың күші жойылады. Яғни, қазақстандық сынамасы бар зергерлік бұйымды экономикалық одақтың барлық елі аумағында қайта сынамай-ақ өткізуге болады. Сенаттың мәліметі бойынша, келісім бір жағынан қазақстандық нарықты сапасыз зергерлік шикізат әкелуден қорғаса, ал екінші жағынан аффинаж алтынын өндіруді ұлғайтуға және ЕАЭО кедендік аумағында бағалы металдар мен тастардың еркін айналымы үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная