13 маусым 2019 16:05

Тоқаев Бішкекке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Бауыржан Жуасбаев © Бауыржан Жуасбаев

Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген форматтағы отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қою және қабылдау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді, оның ішінде Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ганимен.

Мемлекет басшылары 14 құжатқа - 13 шешімге және ШЫҰ ҮБК Бішкек декларациясына қол қояды. Саммит қорытындысы бойынша қол қоюсыз Ақпараттық хабарлама қабылданатын болады. Бұдан басқа, ШЫҰ ҮБК отырысы аясында БАҚ, спорт, денсаулық сақтау, ШЫҰ халықаралық байланыстарын кеңейту және "ШЫҰ және ИРА" байланыс тобы шеңберінде өзара іс-қимылды жандандыру саласындағы ынтымақтастықты қамтитын 7 құжатқа қол қою жоспарланған. 

Саммитке қатысу үшін 11 елдің басшылары келеді: Ресей, Қазақстан, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан және Пәкістан. Шараға бақылаушы ретінде Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия президенттері қатысады. Мемлекет басшылары кеңесінің отырысын жариялау үшін 500-ден аса шетелдік және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аккредиттелген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети