Тоқаев бүгінгі қоғам алдында тұрған ең маңызды мәселені атады

Дина Шарипханова Корреспондент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қоғам алдында тұрған ең маңызды мәселені атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қоғам алдында тұрған ең маңызды мәселені атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қоғамдағы ең маңызды мәселе – заң үстемдігін қамтамасыз ету. Өкінішке қарай, заңды мойындағысы келмейтін азаматтар аз емес. Басқаша айтсақ, құқықтық нигилизм белең алуда. Ағаларымыз "Тәртіпсіз ел болмайды" деп баяғыда айтқан болатын. Менің ұстанымым: қоғамда заң мен тәртіп болса ғана, ел ішінде үйлесім, бейбіт өмір болады. Заң – кез-келген өркениетті қоғамның басты өлшемі. Заң үстемдік құрғанда ғана әділетті қоғам қалыптасады. Біз міндетті түрде бұған қол жеткізуіміз керек. Бұл менің нақты ұстанымым", - деді Тоқаев телеарнаға берген сұхбатында.

Бұған дейін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли 17 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа сұхбаты шығатынын мәлімдеген болатын.

Реклама
Реклама

Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама