Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар судьяны лауазымға тағайындап, бірқатарын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 10 қарашадағы "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасы мен судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы" жарлыққа қол қойды.
Төраға лауазымына:
Алматы бойынша:
- әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Раисов Тимур Төлегенұлы;
- мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Нұрбеков Айбар Баймаханұлы;
Ақмола облысы бойынша:
- Сандықтау аудандық сотына Сәдірмекова Арайлым Тәліпбекқызы;
- Степногорск қалалық сотына Қалиасқарова Салтанат Жақыпқызы, осы облыстың Бурабай аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
Ақтөбе облысы бойынша:
- Ақтөбе қаласының № 2 сотына Избағамбетова Сандуғаш Жақияқызы;
- Әйтеке би аудандық сотына Бертанов Талғатбек Батырбайұлы, осы облыстың Темір аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
Атырау облысы бойынша:
- Мақат аудандық сотына Орыспаев Құрмет Орыспайұлы;
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
- Ақжайық ауданының № 2 аудандық сотына Ғомарова Тамара Сәлімжанқызы, осы облыстың Сырым аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
- Бөкей ордасы аудандық сотына Шынғалиев Марат Энгельсұлы, осы облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
- Орал қаласының № 2 сотына Суханова Гүлдана Ыбырайқызы;
Қостанай облысы бойынша:
- Әулиекөл аудандық сотына Оспанова Балжан Қайыргелдіқызы;
- Қамысты аудандық сотына Ертаева Ғалия Қайырқанқызы, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
- Қостанай қалалық сотына Сәдуақасов Жұмабек Майқыбиұлы;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
- Шал ақын ауданының ауданаралық сотына Омаров Рүстем Қошқарұлы, осы облыстың Петропавл қаласының № 2 сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
Түркістан облысы бойынша:
- Ордабасы аудандық сотына Сатыбалдиева Айжан Құлманқызы Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
- Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Жүнісова Жанат Ниетқабылқызы;
- Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына Жақсыбекова Нұргүл Айтбекқызы, осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып тағайындалсын.
Судья лауазымына:
Астана бойынша:
азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотқа
- Бурабаев Дулат Қайдарұлы Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
- Ибраева Назгүл Ерқанатқызы Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
- Қалиева Арайлым Қадылбекқызы Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа
- Әлиева Ақмарал Хәкімқызы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының № 2 сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
- Жүнісов Данияр Төлендіұлы Қостанай облысы Қамысты аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына
- Қиянбекова Әсел Ерланқызы Ұлытау облысы Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа
- Көшенов Асламбек Киікбайұлы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
- Сапарбек Аида Түркістан облысы Түркістан қаласының ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
Алматы бойынша:
Бостандық аудандық сотына
- Бөрі Мират Қайратұлы, Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа
- Ахметова Ардақ Бауыржанқызы Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
- Әбдіқаниев Рамшит Нұрғабылұлы;
- Жолболдиева Дария Оразалықызы Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
Медеу аудандық сотына
- Әметқұлов Қанат Аманкелдіұлы;
Абай облысы бойынша:
- Бородулиха аудандық сотына Амарханов Нұрсұлтан Николайұлы;
- кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Тұрысбекова Меруерт Сәкенқызы;
Ақмола облысы бойынша:
- Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына
Жәшібеков Әмір Хафизұлы; - мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Дүйсенова Камиля Қадыржанқызы;
Ақтөбе облысы бойынша:
Ақтөбе қаласының сотына
- Бекқожина Динара Абзалқызы;
- Ізбасова Алина Ерболқызы;
Ақтөбе қаласының № 2 сотына
- Қайболдин Жаслан Мұратұлы;
- Қалиева Нұршат Жеделбайқызы;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа
- Исмаилова Индира Асылханқызы осы облыстың Қобда аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
Алматы облысы бойынша:
- қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Садықова Эльмира Сансызбайқызы;
- мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа Рамазанов Азат Асқарұлы осы облыстың Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
- мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Ғалымов Диас Манатұлы;
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
- мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа Тәкеева Саяхат Әнуарқызы;
- Орал қаласының № 2 сотына Рамазанов Данияр Рамазанұлы;
Жамбыл облысы бойынша:
- Қордай аудандық сотына Ысқақов Кеніш Илесұлы;
- Тараз қалалық сотына Әлімқұлова Инара Базылбекқызы;
- Тұрар Рысқұлов ауданының сотына Қамбарбек Қали Әуелбекұлы;
Жетісу облысы бойынша:
- мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа Нұрболұлы Азат;
Қарағанды облысы бойынша:
- Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының № 2 сотына Хасенова Анар Саматқызы осы облыстың Нұра аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
Қостанай облысы бойынша:
- Әулиекөл аудандық сотына Симиютина Елена Анатольевна;
Қызылорда облысы бойынша:
- Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына Абылаева Айгүл Әуелбекқызы;
- мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Әбдіқалықов Олжас Исаұлы осы облыстың Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
Маңғыстау облысы бойынша:
- кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Жұмаева Мәншүк Мұхамедқызы осы облыстың Қарақия аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
- Мұнайлы аудандық сотына Қазиев Ерсін Айтбайұлы;
Павлодар облысы бойынша:
- мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа Сейілғазинова Әлия Шорманқызы осы облыстың Екібастұз қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
- Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына Кочерга Лаура Ильдусовна;
Түркістан облысы бойынша:
- кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Әбдіраманов Есбол Жүнісәліұлы осы облыстың Кентау қалалық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып;
- мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Құрамысов Берік Полатбекұлы, осы облыстың Кентау қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;
- Сайрам аудандық сотына Беғалиев Асқат Омарқұлбекұлы;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
- Күршім аудандық сотына Мизимбаев Думан Сәрсенбекұлы;
- Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына Тәкенова-Шакиртова Әсел Еділқызы;
- Риддер қалалық сотына Жансұлтанова Эльвира Құмарбекқызы;
- Тарбағатай аудандық сотына Тәтімбеков Данияр Төлегенұлы тағайындалсын.
Атқаратын лауазымынан босатылсын:
- Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ыбыраев Алмаз Серікұлы орнынан түсуіне байланысты;
Алматы қалалық сотының судьялары
- Исабаева Ақмарал Ахмеджанқызы орнынан түсуіне байланысты;
- Молдашев Қанат Шәдіұлы орнынан түсуіне байланысты;
- Мырзакәрім Рустем Мырзакәрімұлы орнынан түсуіне байланысты;
- Атырау облыстық сотының судьясы Нұржанова Бағила Баймұратқызы орнынан түсуіне байланысты;
Қарағанды облыстық сотының судьялары
- Аманжолов Нұрбек Әбдіманапұлы орнынан түсуіне байланысты;
- Маймақов Бақытжан Қошқарбайұлы орнынан түсуіне байланысты;
- Павлодар облыстық сотының судьясы Ыбраев Нұрлан Саматұлы орнынан түсуіне байланысты;
Астана бойынша:
- азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Ысқақбекова Сәулет Майданқызы орнынан түсуіне байланысты;
Алматы бойынша:
- Түрксіб аудандық сотының судьясы Жылқыбаева Айсара Сәтқызы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;
Шымкент бойынша:
- әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қалдаров Ғалым Қалижанұлы судья өкілеттігін тоқтата отырып, тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;
- қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Мыстаев Мақсат Ғанибекұлы орнынан түсуіне байланысты;
Алматы облысы бойынша:
- мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы Қожахметов Берік Ақышханұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып;
Ақмола облысы бойынша:
- Жарқайың аудандық сотының судьясы Сағынова Гүлмира Маратқызы өз тілегі бойынша;
- Көкшетау қалалық сотының судьясы Қожамұратов Сержан Ақылбайұлы өз тілегі бойынша;
Жамбыл облысы бойынша:
- мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Ясарова Руқия Қартқұлқызы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;
Жетісу облысы бойынша:
- Ақсу аудандық сотының төрағасы Шәймерденов Нұрлан Садықұлы соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты;
Қостанай облысы бойынша:
- Қостанай ауданаралық сотының судьясы Жарасбаев Жұмаш Рамазанұлы өз тілегі бойынша;
Маңғыстау облысы бойынша:
- Ақтау қалалық сотының төрағасы Шайдуллин Бауыржан Жауымбайұлы соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты;
Түркістан облысы бойынша:
- Қазығұрт аудандық сотының судьясы Жұмабаев Нұржан Әмзебайұлы орнынан түсуіне байланысты;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
- мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Оразбаев Салық Қанатұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылсын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!