Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтай отырысына қатысады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурызда Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурызда Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурызда Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады. Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Ұлттық құрылтайдың үш отырысы өтті:

  • І Ұлттық құрылтай 2022 жылы Ұлытау облысында өтті.
  • ІІ Ұлттық құрылтай 2023 жылы Түркістан қаласында өтті.
  • ІІІ Ұлттық құрылтай 2024 жылы Атырауда өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама