21 мамыр 2019 | 10:40

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісмен кездесті

© akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара іс-қимылдар мен серіктестікті нығайту ісіне қосқан жеке үлесін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық мәселесі біздің саясатымыздың басым бағыттарының бірі. Бас хатшы Антониу Гутерришке ыстық сәлемімді жолдаймын және еліміздің халықаралық бастамаларына қатысты жемісті ынтымақтастығы мен көрсеткен қолдауы үшін ризашылық білдіремін", - деді Қазақстан Президенті.

Тараптар өңірлік жобаларды жүзеге асырудың перспективаларын, сондай-ақ, қазақстандықтардың БҰҰ аясындағы бітімгерлік миссиясына атсалысу мәселелерін талқылады.

"Біз өңірлік ынтымақтастық мәселелеріндегі Қазақстанның белсенді ұстанымын жоғары бағалаймыз. Сіздердің елдеріңіздің іске асырып жатқан Орнықты даму мақсаттарына қолдау көрсету біз үшін маңызды. Президент мырза, Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа ғимараты ашылғаны үшін Сіздерге алғыс білдіреміз", - деді Мирослав Енча. 

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының бақылаушылары миссиясының басшысы Уршула Гацекті қабылдады.

Әңгімелесу барысында Қазақстандағы кезектен тыс өткізілетін президент сайлауына қатысты Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының миссиясы жүргізетін мониторинг мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы алдағы сайлаудың заңнамаға сәйкес ашық және әділ өтетінін атап өтті.

Уршула Гацек Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездескені үшін алғыс айтып, халықаралық бақылаушылар қызметінің басталғаны жөнінде мәлімдеді. Сонымен қатар, Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының өкілдері сайлау үдерісіне мониторинг жүргізуге кіріскенін және Қазақстанның барлық өңірлерінде белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная