22 қараша 2021 | 20:21

Тоқаев БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқарма басшысын қабылдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
akorda.kz

Қазақстан Президенті елімізге іссапармен келген БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің Бас директоры, БҰҰ  есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры Гада Валиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті елімізге іссапармен келген БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің Бас директоры, БҰҰ  есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры Гада Валиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында заңсыз есірткі айналымына, ұйымдасқан қылмысқа, жемқорлыққа, терроризмге, сондай-ақ, кибер қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның халықаралық істердегі негізгі ролін атап өтіп, Қазақстанның дүниежүзілік ұйыммен орнықты даму, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету салалары бойынша тығыз іс-қимылдарды жалғастыруға мүдделі екенін нақтылады. Мемлекет басшысы БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының аймақтағы, әсіресе, Ауғанстандағы қазіргі ахуалға қатысты жүргізіп отырған белсенді қызметіне қолдау білдірді.

Қазақстан Президенті БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Орталық Азия үшін 2022-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасының қабылдануын құптады. Бұл бағдарлама табысты ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудың берік негізін қалайды.  

Гада Вали елімізде жүргізіліп жатқан, оның ішінде құқық қорғау жүйесін жаңғыртуға бағытталған реформаларды жоғары бағалады. Сондай-ақ, Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлерін эвакуациялауға және оларды Алматы қаласында орналастыруға көмек көрсеткені үшін елімізге алғыс білдірді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram