26 желтоқсан 2020 12:02

Тоқаев Бюджет кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бюджет кодексіне түзетулер енгізуді көздейтін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бюджет кодексіне түзетулер енгізуді көздейтін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
 
 

Реклама
Реклама

Заң жобасын Парламент депутаттары ұсынған. Ол қабылданған жағдайда мыналар қарастырылады:

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің лимиттерін айқындау жөніндегі тәсілдерді өзгерту; мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінім шеңберінде бюджеттік инвестициялар мен субсидияларға арналған шығынның экономикалық тиімдігіне бағалау жүргізу; бюджеттік өтінімдерді шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ғана есептеулермен енгізу; Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейту үшін контрциклді бюджет ережесін енгізу; республикалық бюджетте президенттік бастамаларға арналған резервті жоспарлау; "мемлекеттік тапсырма" тетігінің қолданысын жетілдіру; республикалық бюджет жобасына материалдарды Парламентке ұсыну форматын өзгерту.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram