26 сәуір 2022 | 16:24

Тоқаев: Біз ақыры суперпрезиденттік басқару формасынан бас тартамыз

Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ақыры суперпрезиденттік басқару формасынан бас тартатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ақыры суперпрезиденттік басқару формасынан бас тартатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Amanat партиясының кезектен тыс съезі барысында Мемлекет басшысы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар еліміздің саяси архитектурасын кешенді түрде қайта пішімдеуге, билік тармақтары арасындағы тежеу ​​мен тепе-теңдік неғұрлым теңгерімді жүйесін құруға бағытталғанын айтты.

"Біз ақыры суперпрезиденттік басқару формасынан бас тартамыз, Парламенттің, мәслихаттың өкілеттіктерін күшейтеміз. Басымдықтардың бірі - партиялық-саяси саланы жаңғырту. Партиялық және сайлау заңнамасын либерализациялау биліктің барлық деңгейінде қабылданатын шешімдердегі қоғам рөлін күшейтеді", - деді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Президенттің пікірінше, сайлаушылардың дауысы үшін бәсеке күшейе түседі.

Саяси процестің динамикасы мен мазмұны өзгеретіні сөзсіз. Осыны ескере отырып, елде жаңа партиялар пайда болады, ал бұрыннан бар партиялар өз қызметін азаматтардың өзекті үрдістері мен талаптарына сәйкес қайта қарап, қайта құра бастайды. Біз жалпы партиялық сала қозғалысқа келе жатқанын көріп отырмыз. Басталған өзгерістердің айқын көрсеткіші ретінде Adal партиясының Amanat партиясымен бірігуі туралы бастамасын айтуға болады", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная