22 қазан 2022 | 11:37

Тоқаев: Біз бүкіл құндылықтар жүйесін жаңғыртуымыз керек

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру салтанатты рәсімінде бүкіл құндылықтар жүйесін қайта іске қосу және ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру қажеттігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру салтанатты рәсімінде бүкіл құндылықтар жүйесін қайта іске қосу және ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру қажеттігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әділ Қазақстан экономикасында фаворитизмге орын жоқ. Біздің экономикалық саясатымыз мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделері үшін нақты мақсаттарға қол жеткізуге бағытталатын болады. Оның мәні экономикалық өсудің абстрактілі сандарына ұмтылу емес, азаматтардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін кең мүмкіндіктер мен тең жағдайлар жасау, барлық отандастардың өмір сүру сапасын тұрақты арттыру", - деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан "заң үстемдігін іс жүзінде қамтамасыз ету мақсатында соттар мен құқық қорғау органдарын реформалауды" жалғастыратынын баса айтты.

Реклама
Реклама

"Заң мен тәртіп азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырудың негізгі факторына айналады. Адамдар - біздің басты байлығымыз, экономикалық және әлеуметтік прогрестің негізгі қозғалтқышы. Сондықтан біз адам әлеуетіне стратегиялық инвестицияны арттырамыз, жастарымызды және әлеуметтік осал топтарымызды қолдаймыз. Сайып келгенде, біз барлық құндылықтар жүйесін қалпына келтіріп, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруымыз керек", - деп қосты Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная