ПОДЕЛИТЬСЯ
21 шілде 2022 | 11:45
Тоқаев: Біздің кездесуіміз Орталық Азия елдерінің ынтымағы берік екенін көрсетеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың ерекше сипаты туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың ерекше сипаты туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құбылмалы геосаяси және әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында өткен кездесуіміз Орталық Азия елдерінің ынтымағы берік екенін көрсетеді.
Біздің қатынастарымыздың ерекше сипаты Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы бүгін қабылданатын шартта бекітілген. Бұл құжат мазмұны мен тарихи перспективасы тұрғысынан бірегей саналады. Оған елдеріміз арасындағы мемлекетаралық дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығында қол қойылуының символдық мәні бар. Бұл тарихи құжат бесжақты стратегиялық серіктестігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқанымызды білдіреді", - деді Тоқаев Шолпон-Атада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 4-консультативтік кездесуінде.
Ол Қазақстан аймақтық ынтымақтастықты жан-жақты нығайту, Орталық Азияның әлемдік аренадағы ролін арттыру бағытындағы стратегиялық бағытқа берік екенін атап өтті.
Қазақстан Президентінің айтуынша, бүгінде Орталық Азияның ең маңызды миссиясы жаһандық саясат пен экономиканың бәсекелес полюстері арасында көпірлер орнату саналады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также